ҚАТТЫ ЖЕЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша 12-14 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел күтіледі.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.