ҰБТ – 2017: СЫНАҚ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНБЫЗ
Бүгінде облыс аумағы бойынша ҰБТ өткізілетін 9 тест орталығы талапқа сай техникалық қондырғылармен түгел жабдықталды. Бұл туралы облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы Б. Сайлыбаев мәлімдеді.
Тест орталығынан 50 шақырымнан қашық орналасқан шалғай елді мекендерден тасымалданатын оқушыларға қызмет көрсететін көліктер, ыстық тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етуге мемлекеттік сатып алу процесі жүргізілуде.
Жиында қала әкімі Н.Нәлібаев пен қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұ.Аханаева осы бағытта атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі 20-22 маусым аралығында өтетін ҰБТ сынағын жоғары талапқа сай өткізуді, бұл орайда қоғамдық қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалауды тапсырды.