ЕМТИХАН ӨТТІ, БАСТЫ СЫНАҚ АЛДА

Сонымен қатар, жиында барлық мектептерже жаңаша формада өткізілген мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханының барысы баяндалды, ҰБТ сынағын өз деңгейінде өткізуге орай барлық қажетті шаралар қолға алынғаны атап өтілді. Айталық, 29 мамырдан басталған мектеп бітірушілердің бес пән бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханы 9 маусым күні Қазақстан тарихы пәнінен алынған емтиханмен аяқталды. Бүгінгі күнге дейінгі емтихан нәтижесі бойынша түлектердің 81,2 пайызы жақсы және өте жақсы деген бағаға тапсырғаны белгілі болып отыр. Ендігі кезекте білім саласының алдында тұрған басты міндет – жоғары оқу орындарына талаптанған 4194 түлекке ҰБТ сынағын өз деңгейінде өткізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.