ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗ ЕХРО-2017 ТУРАЛЫ ЖАЗЫП ЖАТЫР
«Энергетикалық келешек бүгін аяқталады». Италиялық Aiden Kronos ақпарат агенттігінің елордада «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына орай жарияланған мақаласы тап осылай басталады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстан астанасының Азияда тұңғыш рет осындай халықаралық көрмені өткізіп отырған мемлекет болуы кездейсоқтық емес. Оның болашақ энергиясы атты тақырыбы – қазіргі таңда өте өзекті мәселе. Келешек энергиясы әлемдік қауымдастық үшін де маңызды. Ал Астана оның ашық алаңына айналып отыр. «Астана 2012 жылы Парижде өткен халықаралық көрмелер бюросының 152-ассамблеясында ЕХРО көрмесін өткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Қазақстандық шаһар байқауда «Әлемді байланыстырып, адамзатты біріктіру» тақырыбымен бәйгеге түскен бельгиялық Льеж қаласын 103-44 дауыс айырмасымен жеңіп шықты. Бельгия адамдардың әрекеттесуімен технологиялық революция туралы мәселені ұсынды. Бірақ біздің әлемді қозғаушы күш энергия басым түсті» делінген мақалада.