ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бұл қайырымдылық шараны Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне орайластырып отыр. Бұл үшін Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қан орталығының жылжымалы лаборатория қызметкерлері жұмыс атқарды.
«Бір тамшы қаным - жанға араша», -деп ақ ниетті көңілмен қол ұшын созған Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған бағынысты тергеу изоляторы мен түзеу мекемелері қызметкерлеріне қан орталығының мамандары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.