АРАЛДЫҚТАР ЭКСПО-ҒА АТТАНДЫ
«Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға аралдықтардың алғашқы легі аттанды. Осыған орай теміржол вокзалында оларды шығарып салу салтанаты ұйымдастырылды. Шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Әлішева халықаралық көрменің маңыздылығына тоқталып, сапарға шыққандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Д. Мадинов лебізін білдіріп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Айбосынов жолаушыларға бата берді
Ауданымыздан алғашқы лекте көрмені тамашалау үшін 50 адамға мүмкіндік жасалынған. Олар білім, мәдениет, спорт саласы және аудан әкімдігі аппараты қызметкерлері. Бүгінгі күнге дейін ауданда «ЭКСПО-2017» көрмесіне 5232 билет сатып алынған.