КӨРМЕНІ 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

«Маған арнайы есеп әкелінді. Онда сағат 14:00-ге дейін көрмеге 9 832 адам келгені көрсетілген. Әрбір сағат сайын адамдардың саны көбеюде. Ал сағат 15:00-де көрмені 10 мыңнан астам адам тамашалады», - деді басқарма төрағасы.
Ахметжан Есімов әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан маңызды шарада қауіпсіздік мәселесі басты назарда екендігін атап өтті.