КӨРМЕДЕГІ ЖАПОНИЯ КЕРЕМЕТІ
Энергетикалық ресурстарға оншалықты бай мемлекет болмаса да Жапония экологиялық проблемалар мен экономикалық өсіммен бірге қарқын алып келе жатқан энергия тұтынуды тұрғындарды белсенді тарту арқылы жүйелеп отыр.
Осы орайда Жапония бүкіл әлемге «Бірыңғай Жапония тегеуріні» деп атаған тәжірибесін ұсынады.
Бүгін ЭКСПО қалашығындағы павильонды аралағандар жаһандық мәселелердң шешуге үлес қоса алатын Жапонияның жоғары технологиялық әлеуетін таныды.
Жапония павильоны 3 залдан тұрды. Алғашқысында күллі әлемге танымал жобалар қойылды. Келушілер мұндағы панелдерден энергия өндіру технологиясы жайлы қанықты. Сондай-ақ, жылу, ядролық энергия туралы кеңінен мәлімет берілді.
Екінші залда көрермендер назарына видео презентация ұсынылды. Сегіз минуттық преезентацияда «Smart Mix with Tehnology» кереметі жайлы айтылады. Алуан түрлі энергия мен жапондықтардың кемеңгерлігін тоғыстырған дүние көрген жанды таңырқатпай қоймайды.
Соңғы зал «Жапон тұрмысының технологиясы» деп аталды. Адамдар тұрмысына жайлылық әкелетін жүйе үй энергиясын басқаруға негізделген.