АСТАНАҒА АЛУАН ЕЛДІҢ МӘДЕНИЕТІ КӨШІП КЕЛДІ
Меншікті тілшіміз Ақнұр Жағыппарова Астанадан хабарлайды:
Сан елдің өкілі қатысып отырған ЭКСПО-2017 өз жұмысын бастады. Бүгін көрме қалашығында әр елдің павильондарын араладық. Бүтін бір мемлекеттің бұрынғысы мен бүгінгісінен хабар беретін көрме Астанаға алуан елдің мәдениеті көшіп келгендей әсер береді.
Үнді елінің қатары тұсында Паджир Шарма есімді гидпен аз-кем тілдесіп қалдық.
- Біздің павильон күміс әшекейлер мен асыл тастан жасалған бұйымдардан басталады. Біз өз елімізде жолға қойылған асыл тас өндірісі бойынша Қазақстанмен байланыс жасағымыз келеді,– деді ол. – Сонымен қатар, әлемге әйгілі шайымыздың сан түрі осы көрмеге қойылды. Балалар киімдері мен қолөнер заттарын да осы павильоннан таба аласыз.