ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЖАС ОЗАДЫ

Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы спорттық ойындардан көңілді старт ойын түрлерінен жарыстар(асық ату, бес асық, ләңгі ойындары), «Этно ауыл» көрмесі, «Дәстүр мен дін сабақтастығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Ал Еңбек, Ақарық ауылдарынан келген «Асыл әжелер», «Батыр аналар» ансамблінің ақ жаулықты әжелері жазғы тынығу лагеріндегі қыз балаларға күбі шайқау, келі түю, диірмен тарту, ши тоқу, құрт жаюды көрсетіп, жастардың ұлттық құндылықтарға бейім де берік болып өсуіне сеп болар жақсы бастама көтерді.


