ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша 9-10 маусымда облыстың кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 жел тұрып, шаңды дауыл күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздік сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы