КӨП КҮТКЕН КӨРМЕ БАСТАЛАР СӘТ ЖЕТТІ
«Қызылорда ньюс» интернет газетінің тілшісі Ақнұр Жағыпарова Астанадан хабарлайды:
- Ел тарихындағы ең үлкен оқиға – ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы сәт қалды.
Ресми деректерге қарағанда «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін көрмені тамашалау үшін Астанаға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның өкілдері келеді.
ЭКСПО кезінде Астанаға күніне шамамен 20 мың турист қабылдайды деп болжануда. Бүгін таңергеңнен қала көшелерінен лек-лек болып жүрген шетелдіктер байқалуда.
- Мен көрмені көрсеті үшін отбасымды Пекиннен алып келдім, - дейді қытайлық турист Чин Шипинг. – Біз Алматы арқылы келетін жолды таңдадық. Қазақстанның елі де, жері де ұнады. Осында 1 айдай болуды ойластырып отырмыз.
- Делиде қолөнер саласы қатты дамыған, - дейді Индиядан келген қонақ Вишал Кумар. – Біз көрмеге өз жұмыстарымызды алып келдік. Бізге Қазақстан астанасы қатты ұнады. Мұнда табанымыз алғаш тиіп тұрғанмен бізді жатырқаған ешкімді көрмедік. Халық қонақжай, ал қала бейне бір ертегі секілді. Көрме аясында мәдениет күндері мен шеберлік кластарын өткізу жоспарда бар.
Қытайлық Джинг Шун Ву де Қазақстанға алғашқы келгендердің қатарынан екен. Еліне барғасын қазақ елінің астанасы мен әсем қаланың тұрғындары туралы сағаттап айтуға бар.
Бүгін 19:00-де ел телеарналары көрменің ашылуына қатысты салтанатты көрсетуді бастайды, артынша ҚР Президенті Н. Назарбаев пен сырттан келген 17 мемлекеттің басшылары қатысуымен «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы өтеді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА