СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіби оқу сабағы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.
Қызметкерлер «Жемқорлық қоғам дерті», «Скажи коррупции нет», «У коррупции одно лицо», «Мы против коррупции», «Я против коррупции» тақырыптарында бейнероликтерді тамашалады.
Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетілгеннен кейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары қызметкерлердің назарына жеткізілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі