АӘК ЖАҢА ФОРМАТЫ ЕҢГІЗІЛЕДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихат өтті. Онда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, әлеуметтік көмектің жаңа үлгісі жайында сөз болды.
Баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Есқараева елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісі енгізілетінін атап өтті.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек түрі 2 түрге жіктеледі: шартты және шартсыз ақшалай көмек. Әлеуметтік көмектің жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларына тағайындалады.
- Елбасының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» 84 қадамына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы 4 және одан жоғары 18 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрлері трансформацияланып жаңа үлгісі енгізілетін болады. Әлеуметтік көмектің ерекшелігі мемлекеттік қолдауға ие болады. Жәрдемақыны ала отырып жұмыспен қамту шаралары жүргізіледі және әлеуметтік бейімдеу болады, – деді Алтын Итенқызы.
Айта кетерлігі, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісін іске асыру «Өрлеу» жобасы шеңберінде бірқатар өңірлерде 2014 жылдан бастап пилоттық режимде іске асырыла бастаған. Жалпы жобаның нәтижесінде тұрақты жұмыспен қамтылғандар үлесі 2015 жылы 37,5 пайызды құраса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 54,1 пайызды құраған.