ОЛЖАС КӨРМЕГЕ БАРАДЫ

Кеше аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың қаржылай қолдауы озат оқушы Олжастың қолына табысталды. Қуаныш құшағындағы жас жеткіншектің жанарынан шаттық нұры көрініс тапқан керемет сәтке біз де куәгер болдық. Аудан әкімінің зор қолдауына ие болған Олжастың білімділігі өзге оқушыларға үлгі екені анық. Тәртіпті де тәрбиелі оқушыға аудан басшысының атынан өзінің және әкесінің бас қалаға барып келуіне толықтай жететін қаражат тапсырылды. Өз кезегінде жас өрен аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлына риясыз алғысын білдірді.
– «Армандар орындалады» деген ұғымға бүгіннен бастап сенемін. Міне, менің арманым орындалды. Астанаға барып, көрмені көру мен үшін зор қуаныш. Алдағы уақытта сабақты жақсы оқимын. Ұстаздарымның сенімін ақтаймын. Аудан әкімі Ғанибек ағаға зор алғыс айтамын,- деген О.Батырбекұлы енді бас қалаға баратын күнін асыға күтетінін де жасырмады.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ