АРАЛ ТҰРҒЫНЫ ЕСКІ КӨЛІКТЕН ДЖИП ҚҰРАСТЫРДЫ

Бұл көлiктi Ертай Әлiмбеттiң әкесi осыдан 70 жыл бұрын Ресейден алып әкелiптi. Сол уақыттан берi тұрмысқа пайдаланылып келедi. 2007 жылы рақымшылық аясында көлiгiнiң құжаттарын заңдастырып алыпты.
“Бұл көлiктi бала кезiмiзден жүргізіп келе жатырмыз. Көшеде кетiп бара жатсаң, бәрi таңғалып қарайды. Шаруашылыққа өте қолайлы. Бұзылған жерiн өзiм жөндеп аламын”, – дейдi иесі.
Ең қызығы, бұл көлiкке шетел азаматтары айрықша қызығушылық танытып отыр екен. Тiптi қомақты қаражатқа сатып алғылары келгендер де болыпты. Бiрақ, Ертай Әлімбет бұл ұсыныстардан бас тартқанын айтады. Тек Аралға кино түсiруге келетiндерге көлiктi пайдалануға рұқсат бередi екен.
