ТИІМДІ БАСЫМДЫҚТАРҒА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ
Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын қарау барысында басты назар қоғам үшін тиімді басымдылықтарға аударылады. Мысалы мемлекет үшін бұл басымдықтарға бюджет қаражатын үнемдеу қосымша ресурстар (қаржылық, материалдық және басқарушылық) алу, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы мен көлемін арттыру жатады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құру және бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жобаны іске асыруда уақытты үнемдеу, көпшілік міндеттердің шешімін жылдамдату секілді тиімділіктер жоспары бекітілді. Жеке әріптестік үшін нарықтық кеңістікті кеңейту, жобаларды жүзеге асыру барысында мемлекеттің кепілдігімен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі, бюджет қаражатын тарту, салынған инвестицияның қайту кепілдігі сияқты жақсы тұстары жетерлік.