ЖАҢА БАСТАМА АУЫЛДА БИЗНЕС БАСТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауылды жердегі жаппай кәсіпкерлік пен шағын бизнесті қолдаудың тиімді құралы. 2017 жылғы егіс науқанын қаржыландырудың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференция өтті. Оған «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова, «ҚазАгроГарант» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Тәжмақин, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дұман Оспанов пен «НС «Аршалы» ЖШС басқарма төрағасы Қаржубай Ахметжанов қатысты.
«ҚазАгро» ұлттық холдингінің жаңа бастамалары ауыл тұрғындары үшін өз бизнесін бастауға және дамытуға шынайы мүмкіндік береді. Жұмысын енді бастаған кәсіпкерлердің кепілдік проблемасын шешетін «ҚазАгроКепіл» жүйесі жайлы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова баяндады.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне жеке қаржы құрылымдарын – шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестіктерін тарту бағдарламасын әзірледі.
Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі шағын несие құнының 85%-ын, жұмыс істеп тұрғандар үшін - 50%-ға дейінгіні құрайды. Несие серіктестіктері мен шағын қаржы ұйымдарының қарыздары ғана кепілдендіріледі. Осы ретте, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне «ҚазАгроКепілдің» кеңсесіне барудың қажеті жоқтығын атап өту қажет, кепілдік алу үшін өтінім несиелеуге құжаттардың топтамасын өткізу кезінде рәсімделеді және АШТӨ тарапынан шығынды қажет етпейді.
Осыған ұқсас бағдарламаны Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры да іске асырады. Бөлінген қаржы ресурсының көлемі 16 млрд. теңгені құрайды.
Шағын несиелер бағдарламаның қатысушыларына мал шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған жобалар бойынша 7 жылға дейін, басқа жобалар бойынша – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама бойынша қарыз сомасы 8000 АЕК (18 152 000 теңге) аспайды, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды.
«ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру жүйесінде де өзгерістер болды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ бәсекелес ортаға беру жөніндегі бекітілген іс-шараны ескере отырып, жылдың басынан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша барлық өтінімдер Аграрлық несие корпорациясында қабылданады.
Осы ретте компания инвестициялық жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде ҚР АШМ анықтаған басым бағыттардың кеңейтілген спектрі бойынша Ұлттық қордың қаражаты есебінен жоспарлайды. Егер бұрын қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-ды құраған болса, қазір ол 5,5%-ға дейін төмендетілгенін атап өту қажет.