ҒАНИ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА МҰРА
Шиелі аудандық орталық кітапханада аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орта Азия және бүкіл шығыс жастарының жалынды жетекшісі, Сыр топырағында дүниеге келген Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ғани тағылымы – ұрпаққа мұра» атты танымдық кеш өтті.
Аталған танымдық кешке ардагерлер, «Жастар парламенті», «Оқушылар парламенті» депутаттары және белсенді жастар қатысты.
Шара аясында Ғанидай тұлғаның өнегесін ұлықтау мақсатында арнайы бейнеролик көрсетіліп, мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шара соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы А. Маманова шараға белсенді қатысқан жастарды алғыс хатпен марапаттады.