ҚАЗАЛЫНЫҢ БАЛЫҒЫ ЕУРОПА ҮШІН ЖЕҢСІК АС
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазалы ауданы бойынша тиісті шаралар қабылданып жүзеге асырылуда. Ауданда бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2015 жылдары жалпы құны 4187,4 млн.теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып, оның 17-сі толық іске қосылды. Осының арқасында 212 жаңа жұмыс орны ашылды.
Оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Соның бірі «Рза» АҚ-ның «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы аясында осы жылдың 3 айында 1510 тонна сүт өңделіп, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы ірі сауда орталықтарында сатылуда.
Ал «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасымен 3 айда 238 тонна балық өңделіп, Еуропа елдеріне экспортталды.