ЖАЛҒАН МӘМІЛЕ ЖАСАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Салықтық зерттеулер мен тексерулер жүргізу барысында, салық төлеушінің немесе оның салық агентінің нақты мекен-жайын анықтау мақсатында куәгерлер тартылып, акт толтырылады.
Соңғы уақыттардың тәжірибесі көрсетіп жүргендей, кей жағдайларда, ауызша келісім арқылы, салық төлеушінің сол жерде болған-болмағанын көрмей-ақ, азаматтарды куәгер ретінде тарту көбейіп барады. Мұндай фактілердің ақыры жалған мәмілеге отыру немесе заңсыз кәсіпкерлік қызметке әкеліп соғуы мүмкін.
Егер Сіз, осындай жағдайларға тап болсаңыз Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасына 21-81-91 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.
Өз құқығыңызды қорғаңыз, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне алданып қалмаңыз.