БАЛАБАҚША ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қармақшы ауданында бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әлеуметтік салаға баса мән беріледі. Мысалы, 2015-2017 жылдарға арналған жобада ауданда 560 орындық 7 балабақша салу жоспарланған. Олардың екеуі – «Ертөстік» пен «Айгөлек» аудан орталығынан бой көтерді. Иіркөл мен Төребай би ауылдарында 50 орындық балабақша салынып жатыр. Қуаңдария, III Интернационал және Тұрмағамбет ауылдарында салынатын нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Олардың құрылыстары жақын арада басталады.