МЖӘ – АЙМАҚТЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРАДЫ
Көптеген мемлекеттердің экономикасында мемлекет пен жеке бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа формасы – мемлекет пен жекеменшік әріптестік кең қанат жайып келеді. Ол әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жеке кәсіпкерлік нысандарын тартудың тиімді механизмі болып табылады. Қазақстанның бүгінгі экономикасы саясатындағы өзекті мәселенің бірі – мемлекет пен жекенің байланысына ықпал ететін және үдерістерді тиімді түрде жеделдетіп, МЖӘ дамыту болып отыр.
Аймақтың жалпы инвестициялық қабілетін арттыру мақсатында және МЖӘ жобаларын әзірлеуде кеңес беру үшін облыс әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №517 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеу, жергілікті бюджеттік инвестициалық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу қызметтерін көрсететін орталық директоры Мақсат Еламанның айтуынша сала жұмысында аймақ инфрақұрылымы мен халықтың өмір сүру жүйесін дамыту үшін инвестиция тартуға баса назар аударылады.