ҚОЛДАУ АЯСЫ КЕҢИ ТҮСТІ
Биыл Арал ауданында аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларына бюджеттен 38 млн. 676 мың теңге бөлініп отыр.
Осы жылғы 4 айда 3536 адамды мемлекеттік әлеуметтік қолдауға 10 миллион теңге жұмсалды.
Он сегіз жасқа толмаған балалары бар отбасылға мемлекеттік жәрдемақы үшін бюджеттен 156 миллион теңгеден астам қаржы қаралып, жыл басынан бері 1693 отбасындағы 5627 балаға 47,5 млн теңге бөлінді.