ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНДЕ ӨСІМ БАР
Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың 4 айында айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3720,6 млн.теңгеге жетіп, 2016 жылдың 4 айымен салыстырғанда көрсеткіш 107,6 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2017 жылдың 4 айында 3147,1 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 106,9 пайыз болған.
Жылдың алғашқы 4 айында бөлшек сауда айналымы 1899,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,0 пайызды құрады. Ауданда 5 сауда базары, 2 мал базары, 9 ірі сауда орталығы, 15 сауда үйі мен 800-ден астам шағын дүкендер тіркелген.