КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ
Кәсіпкерлік ел экономикасының өзегіне айналған кезде ғана мемлекеттің дамуы тұрақты бола түседі. Шағын және орта бизнестің дамуы елдегі әлеуметтік мәселелерді шешеді. Осыдан да қазір бізде кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріліп, Елбасы бастамашы болған бірнеше бағдарламалар жүйелі жүзеге асуда.
Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың алғашқы 4 айында 4268 шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынып, бұл 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға артты. Оның ішінде 242 заңды тұлға (2016 жылы 191 бірлік), 3626 жеке кәсіпкер (2016 жылы 3622 бірлік), 400 шаруа қожалығы (2016 жылы 305 бірлік) болып табылады.
2017 жылы жаңадан 210 кәсіпкерлік тіркеліп, жұмыс жасауда. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 8687адам жұмыспен қамтылған.