ЖАЛАҒАШТА БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ БАР
Жалағаш кентінде балаларға арналған демалыс саябағы өз жұмысын бастады. Кентке көрік беріп, бүлдіршіндерімізге ерекше көңіл-күй сыйлайтын демалыс саябағының ашылу салтанатына аудан басшылығы, ардагерлер, бөлім, мекеме басшылары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Демалыс саябағының ашылуында аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусінов кәсіпкерлік саласының өткен жылдармен салыстырғанда едәуір өскенін және ауданда түрлі маңызды игі істердің атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев жаңа нысанның жұмысына жеміс тіледі.