ТІЛІҢ БАРДА – ТІЛІП ТҮС
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" атты облыстық байқауға қатысқан Жаңақорған ауданының мемлекеттік қызметкерлері жүлделі II орынға ие болды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерсұлтан Жанболат, аудандық денешынықтыру жəне спорт бөлімінің бас маманы Назерке Мырзабаева, "Қыркеңсе" ауылдық округінің бас маманы Жасұлан Бейсенбеков сынды жас мемлекеттік қызметкерлер берілген барлық тапсырманы мүлтіксіз орындап, көп қошеметіне бөленді. Құжат толтырудан бастап, тіл саясатына қатысты сауалдардан сүрінбеген жастар өздерін жақсы қырынан танытып, тіл білгірлері екендігін көрсетті.