АҚЫНДАР ЖЫР АРНАП, СУРЕТШІЛЕР ПОРТРЕТІН САЛДЫ
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі, "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігі, "Жас Отан" жастар қанаты және аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет орталығында Шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың 115 жылдық мерейтойына орай "Мен Ғанимын" атты жазба ақындар мүшайрасы мен қылқалам шеберлерінің сайысы болып өтті.
Сайыста ақындар 2 кезең бойынша бақ сынасса, суретшілер Ғани Мұратбаевтың портретін салды.
Әділ қазылардың шешімі бойынша ақындар мүшайрасының бірінші орны Алтынбек Қыстаубайға бұйырды, екінші орын иегері Толғанай Жаңаберген атанса, үшінші ооын жүлдесін Аян Иманәлі алды.
Жастар көсемін бейнелеген суретшілер сайысында 1 орын Құралай Махамбетәліге берілсе, екінші орын иегері Айткүл Нағашыбай болды. Суретшілер үштігін Дәулет Әділбек түйіндеді.