КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ТІЛШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Ел арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында конкурс өткізді.
Сайысқа бірнеше үміткерлер қатысып, заманауи техникалық құралдардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәлелді фактілермен, дәл және көркем жеткізе білді.
Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, сайыстың І орын иегері болып «ҚоғамТВ» телеарнасының редакторы Баян Құлтанова танылды, «ҚоғамТВ» телеарнасының тілшісі Тілеген Бекарыстанов ІІ орын иегері атанса, ІІІ орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Шынар Бекбан жеңіп алды.
Сонымен қатар, байқау шеңберінде бірнеше журналист аталымдар бойынша сыйлыққа ме болды. Атап айтқанда, «Bnews.kz» ақпараттық агенттігі мен «Время» газетінің меншікті тілшісі Наталья Денисова «Полицияның алтын қаламы», облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Әлия Мұсаева «Полиция сүйіспеншілігі», республикалық «24kz» телеарнасының тілшілері Нұрлан Жақыпбеков пен Қамбар Бекенов «Полиция даусы», олардың әріптесі Райхан Тәжібаева «Қанатты микрофон», «Халық» газетінің тілшісі Жансая Жүнісова, «oldkaz.kyzylorda-news.kz» интернет газетінің тілшісі тілшісі Ақнұр Жағыпарова «Шыншыл тілші», «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі Айбек Манабаев, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Асқар Тәжиев «Жас талант» аталымы бойынша марапатталды.
Жиын барысында ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Искаков Ермек сөз алып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, қаншалықты жұмысбасты болса да бұқара қауым арасында өзекті болып отырған есірткі мәселесін көтеріп, жастарды одан аулақ болуға шақырып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытқаны үшін алғысын білдірді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер департамент бастығының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі