АСТАНАЛЫҚ ТАКСИСТ АЛАЯҚ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Астанада таксист шетелдік қонақты әуежайдан қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге жеткізген. Полиция "алаяқтық" бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Бүгін Астана полициясына Венгрия азаматы шағым түсірген. Ол белгісіз жүргізуші алаяқтық жолмен одан 40 000 теңге алғанын хабарлаған.
"Жедел іздестіру барысында "Сарыарқа" ауданы полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстайды. Ол ше елдік азаматты алаяқтық жолмен алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесіндегі қонақүйге дейін жоғары бағамен әкелген", - деп хабарлады полицияда.
Анықталғандай, такси жүргізушісі жеке тасымалдауға аккредитациядан өткен.
Аталған факт біртекті реестерде тіркеліп, "алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.