МҰРАҒАТҚА БАРЫНША МӘН БЕРГЕН ЖӨН
Архив шегіндегі құжаттарды топтастыру қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Архив фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде ҚР Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архив қорын ведомстволық сақтауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Алпысбаева, Қызылорда облысы мемлекеттік архивінің сарапшысы Бақтыгүл Қосжанова және Қызылорда облысы мемлекеттік архивінің архивисті Гүлзада Баймұқанованың қатысуымен семинар болып өтті.
Семинар барасында 2014 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің №144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары» негізінде құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудағы мәселелер талқыланды. Семинар соңы департамент мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға орай пікіралмасуға ойысты.