ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АСТАНА КҮНІНДЕ ҚАНША КҮН ДЕМАЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Астана күнінде қазақстандықтар 4 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz egov.kz электронды үкімет сайтына сілтеме жасап.
Үкімет қаулысына сәйкес, демалыс күні сенбіден, яғни 1 шілдеден жұмаға, 7 шілдеге ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар 1 шілде жұмыс істеп, 6,7,8, және 9 шілде қатарынан 4 күн демалады.
«ҚР-дағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес, 6 шілдеде мерекеленетін Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады.