ЕСІРТКІНІ НАСИХАТТАЙТЫН 15 САЙТ БҰҒАТТАЛДЫ
Облыстық прокуратура мен жергілікті әкімдік бірлесе қолға алған «Есірткісіз болашақ» жобасы наркомания мен оның саудасының алдын алуда тың қадамдарға баруда.
Бұл бағытта атқарылатын профилактикалық шаралар аясында интернет кеңістікке ұдайы мониторинг жасалады. Осындай зерттеулер арқасында есірткі жарнамасын көрсетіп, оны пайдалану жолдарын үйрететін 15 сайт анықталды.
Осыған байланысты облыстық прокуратура ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпарат инспекциясына осы сайттарға кіруді шектеу туралы ұсыныс беріп, соған сәйкес сайттар бұғатталды.