АРАЛДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында балалардың жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты болды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Лагерьдің ашылуында сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев оқушыларға сәттілік тілеп, лагерьде көтеріңкі-көңіл күймен демалуларына өз тілектестігін білдірді.
Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, қызықты ойындар ойнатылды. Жалпы «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында биыл 840 бала тынығады. Олардың 600-і Арал ауданының оқушылары.