ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАРДЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Әйтеке би кентінде болашақ сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу шарасы өткізілді. Оған аудан жастары, әскери борышын өтеушi азаматтардың ата-аналары қатысты.
Кент әкімі А.Ақжігітов ертеңгі сарбаздарға қырағылық пен сәттілік тілесе, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, капитан Ғ.Бердібеков аманат хатын табыстады.
Сонымен қатар, мерзімдік әскери қызметін Жамбыл облысында өтеп келген қазалылық азаматтарға Жамбыл облысы, Қордай ауданының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарасының «Шекара қызметінің үздігі ІІ дәрежелі» медалін табысталды.