ЖАТТЫҒУ ҮСТІНДЕ ЖАНЫ ҮЗІЛІП КЕТТІ
Қытайдың «Бэйцзин Энтерпрайз Груп» командасының жартылай қорғаушысы, отыз бір жастағы Шейк Тьоте жаттығу үстінде жан тапсырды.
Бұл жайлы футболшы өкіліне сілтеме жасаған BBC хабарлайды.
«Шейк Тьотенің оқыстан қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз. Қазірше бұдан артық ештеңе айта алмаймыз», — делінген хабарламада.
Бұл ақпаратты жартылай қорғаушымен «Ньюкаслде» бірге ойнаған Демба Ба да растады.
Тьоте ағылшынның «Ньюкасл Юнайтед», нидерландтық «Твенте» және «Роду», бельгиялық «Андерлехт» командаларында ойнаған. Ивуарлық азамат Нидерланды чемпионы да болған. Кот-д'Ивуар құрамасы сапында африкалық ұлттар Кубогын жеңіп алған.