ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің 2014 жылғы ІІІ-ші тоқсаны бойынша жұмыс қорытындысы және ІV-ші тоқсанға міндеттер турасында жиналыс болып өтті. Күн тәртібі бойынша жиналысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Өмірзақов ашты.
«Осы жылдың 9 айында департаменттің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы кезекшілеріне 252 мыңдай қоңырау келіп түсті. Бұл шақыртулардың 745-і авариялық құтқару жұмыстары болды. Жол-көлік оқиғалары, пәтерден шыға алмай қалған науқастар, т.б. туралы фактілер тіркелген. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан қаладан ұзап кеткен және далада мал бағып жүріп адасып қалған тұрғындарды, суға кеткен азаматтарды іздеу шаралары да кездесіп, 9 айда 415 адам құтқарылған», - дейді департамент басшысы С.Өмірзақов.
Есеп беру кезінде ҚР ТЖМ Операциялық жоспары, алқа қаулылары, Департамент бастығы жанындағы Кеңес тапсырмалары және Департаменттің жұмыс жоспарының орындалуы қаралды. Алғашқы сөз кезегін алған Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет подполковнигі М.Ибрашев 9 ай бойынша атқарған жұмысы жөнінде және өрт оқиғаларының алдын алу іс-шараларына тоқталды.
Сондай-ақ, кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет капитаны Р.Малдыбаев, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Ә.Көкеев, ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ-нің басшысы А.Алмашев атқарып отырған жұмыстары мен алға қойған мақсаттары жөнінде баяндап, басқарма және бөлім басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі