ҮНДІСТАН АДАМ БАСТЫ БҰЗАУДЫ КЕРЕМЕТКЕ БАЛАП ОТЫР
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында адам басты бұзау туылды. Жануардың басы - көздері, мұрны және құлағы - адамдікіне ұқсайды, - деп жазады Metro басылымына сілтеме жасаған https://kaz.tengrinews.kz
Бұзау бір сағаттан кейін өліп қалыпты. Алайда жергілікті тұрғындар оны үндінің Вишну құдайының бір келбеті деп бағалап отыр. Діни сенімі бар адамдар бұзаудың денесін арнайы саркофагқа салып, мінәжат ету орнына айналдырып алған. Жануардың денесін көру үшін Үндістанның барлық жерінен адамдар ағылып келіп жатқан көрінеді. Олар жануарға гүл мен сыйлықтар әкеледі екен.
Осы оқиғаға байланысты ветеринар дәрігер Аджай Дешмук «Бұл анатомиялық ауытқу. Түрі өзгерген бұзау – ешқандай наным-сенімге байланысты емес, біз оны әлі зерттейміз деген пікір білдірген.