МАҚСАТ ҮСЕНОВТІ БАНГКОК ПОЛИЦИЯСЫ ҰСТАП ӘКЕТТІ
Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазған. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазды. "Елдің заңы жұмыс істемесе, физика заңдары жұмыс істеуі мүмкін... Бүгін Бангкокке бүгінгі рейспен Мақсат Үсеновпен бірге ұштым. Үсенов ұшу барысында тыныш отыра алмады, көршілерін мазақ етті, бастапқыда стюардессалардан шылым шегуге рұқсат беруін жалынып, кейін тіпті 200 бакс ұсынды, сосын ақыры темекі шеккен сияқты, себебі стюардессалар акт толтырып берді. Бірдеңе бүлдірмесін деп экипаждың жартысы оны бақылаумен болды. Өте ыңғайсыз болды. Ұйықтап алғаннан кейін де қууын тоқтатпады, белбеу тағудан бас тартып, арқалығын көтергісі келмеді. Ұшақ қонған сәтте жергілікті полиция жасағы оны алып кетті!", - деп жазды Facebook желісінде Павел Коктышев.
Оқиғаға байланысты пікір білдірген әуе компаниясындағылар Мақсат Үсеновтің тәртіп бұзғанын растады. Әуе кемесінде ереже сақтамаған және ескертуді елемеген оны жергілікті полицияға тапсырғандарын да мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Мақсат Үсенов 2014 жылы көлігімен 6 адамды қағып, оның біреуі оқиға орнында қайтыс болған еді. Сол кезде 2 жылға көлік жүргізу құқығынан ғана айрылған Үсенов көп ұзамай тағы бір апат жасап, ол жолы да оңай құтылды.
https://kaz.tengrinews.kz/events/maksat-usenovt-bangkok-politsiyasyi-ustap-akett-280842/