ЖЕР МЕН АЙДЫҢ АРАСЫ ЖЫРАҚТАП БАРАДЫ
Әлем ғалымдары жыл өткен саййын Жер мен Айдың арасы жырақтап бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Мысалы, соңғы 8 жылда екеуінің арасындағы қашықтық 15 сантиметрге ұзарған, деп хабарлайды Ura.ru.
«Он бес сантиметр де сөз болып па дейтіндер бар шығар, бірақ бұл құбылыстың ғарыштық өлшеммен алып қарағандағы қаупін сезінбейтіндердің сөзі» дейді ғалымдар бірауыздан.
«Аргументы недели» басылымында зерттеушілер мұның соңы жердің Марс планетасының орнын «тартып» алуы мүмкін екендігін жазады.
Айтпақшы, соңғы жылдары жиілеп кеткен түрлі табиғи апаттар осы Жер мен Айдың жырақтауынан болып отырған көрінеді.