БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады, тек республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздің басым аумағында ауа температурасы 2-ден 10 градусқа дейін жылынып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 8-ден 18 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай температура климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болмақ. Астанада күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығып, күндіз сынап бағанасы +4...+6 градусқа дейін көтеріледі, түнде -4...-6 градус суық болады. Алматыда да көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +17+19 жылы болса, түнде +3...+5 градусқа дейін төмендейді.