ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев бұған дейін өткен кеңес отырыстары шешімдерінің орындалуына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбектің тәртіптік ісін қарады. Кеңес мүшелері Н.Әзірбектің әрекеттерінде заңбұзушылық орын алмаған деп тауып, оған қатысты қозғалған тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылдады.