СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде сотталған азаматтар арасында өз-өзіне қол жұмсау және өз-өзіне дене жарақатын салу, басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «Адамның эмоционалды жағдайын басқару негіздері» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Семинарға Қызылорда облыстық прокурорының аға көмекшісі М.Ибрашев, Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының маман психологы М.Бексұлтанова және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы С.Дәрібаева, Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің психологы Ж.Жұматаева қатысып, тақырып аясында жазаға іліккен азаматтармен ашық пікір алмасты.
Мекемедегі сотталғандардың эмоционалдық жағдайда өз-өзін басқара алмай депрессиялық жағдайда түрлі суицидтік әрекетке бару қауіптілігінің алдын-алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, ортаға қалыптасуы, депрессиялық жағдайға түспеуі үнемі қадағаланып, бұл бағытта психопрофилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады.
Айдос ЖҮСІПБЕКОВ,
ЗК-169/5 мекемесінің
аға инспектор психологы.