БАЛА – ӨМІРДІҢ ГҮЛІ
Адам өміріндегі ең қымбаты - баласы. Әрбір ата-ана өз баласына махаббатын, ырыс-ынтымақты, бақытты балалық шақ сыйлауға міндетті. Қоғамда бала құқығын қорғау мақсатында дүние жүзі балалар күнін атап өтеді.
Бұл меркенің тарихы әлі күнге дейін нақты белгісіз. Өйткені оған себептер де көп болған. Балаларды қорғау күні 1925 жылы Женевада өткен Бүкіләлемдік конференциямен тұспа-тұс келеді. Онда да бала құқығы туралы мәселе талқыланған болатын. Сонымен бірге мереке 1 маусымда Қытайда жетім балаларға арнап өткізілген Қайық-айдаһар фестиваліне де байланысты деген пікір бар.
1950 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні ресми мәртебеге ие болды да, ол күн жыл сайын 1 маусымда атап өтіліп келеді. Дәстүрге сай бұл мерекеде түрлі балаларға арналған мәдени ойын-сауық фестивалдері мен концерттер, сайыстар мен байқаулар өткізіледі.
Қызылорда қаласында орталық алаңда балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Көптеген көпшілікке арналған, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар балалар үшін өткізілді. Осы іс-шараларға сонымен бірге балалардың ата-аналары, туыстары, жақын адамдары да қатысты. Оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері де «Балаларды судағы төтенше жағдайдан қорғайық» тақырыбында флеш моб өткізді. Оған Абылай хан колледжінің оқушылары қатысты. Орталық алаңдағы лэд-экранда «Судағы қауіпсіздік ережесі» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ облыстың құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларынан көрме ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар қалалық демалыс паркінде және Қызылорданың мәдени орталықтарында да жалғасын тапты.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы