ҚАЗАЛЫДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде балаларға арналған ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді.
Заман талабына сай орталық ашуды жергілікті жеке кәсіпкер Қаржаубай Өтегенов қолға алған. Түрлі ойын-сауық аттракциондарымен жабдықталған орталық жылдың барлық мезгілінде жұмыс жасамақ.
Ашылу салтанатына қатысқан Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекпанов балғындарды 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.