«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ: КАСПИЙДЕН АЛТАЙҒА ДЕЙІН» АТТЫ АВТОМОБИЛЬ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДАҒА ДА ЖЕТТІ
Үстіміздегі жылдың 1 қазанында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Маңғыстау облысына сапары барысында «Менің елім-Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты автомобиль этнографиялық экспедициясы бастау алғаны белгілі.
Екі айға жуық уақыт бойы 5 отандық автокөлік Қазақстанның барлық өңірлерін аралап келеді. Экспедицияға қатысушылар облыс орталықтарында өңірдің туристік, білімдік және экономикалық ахуалын көрсететін фотокөрмелер мен таныстырылымдық шаралар өткізеді. Жоба соңында экспедицияға қатысушылар сапардан алған әсерлері туралы фильм түсіріп, фотокітап шығарады.
«Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» атты автомобиль этнографиялық экспедициясының Сыр еліне сапарлары Жаңақорған ауданында орналасқан «Сығанақ» тарихи қалашығымен танысудан басталды. Экспедиция мүшелері Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының жастары «Тілек картасына» тілектерін жазып қалдырды. Қаланың мәдени-рухани орталықтарын аралап, тарихи орындар мен көрікті жерлеріне саяхат жасады. Меймандардың аймағымызға сапары Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалды кешені мен Арал теңізінде жалғасатын болады.
Экспедиция құрамында кәсіби жүргізушілер, медицина қызметкері, әкімші, этнограф, блогер, журналистер, фотосуретшілер – барлығы 20 адам бар.

Фариза ОМАРОВА