ӘЛЕМ НАЗАРЫ – АРАЛДА
Аралдың қазіргі жайы шындығында әлем назарын әлі де өзіне аударып келеді. Үстіміздегі жылдың 30 мамырында бастау алған форум бүгінде әлі де жалғасын табуда. Алдымен облыс орталығында болған форум «ғасыр жобасына» баланған Көкарал бөгетінде жалғасты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған САРАТС жобасының алғашқы кезеңінің куәсі болған форумға қатысушы делегацияны облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов және Арал ауданының әкімі М.Оразбаев бастап келді.
Делегация құрамында экономикасы дамыған түрлі ел өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк ұйымдарының өкілдері бар.
Аралдықтардың ризығын еселеп, келешегін жарқын еткен САРАТС жобасының бүгінгі нәтижесіне назар салған шетелдіктер теңіз басында ерекше әсерге бөленіп, қазақтың дәруменге бай дастарқанынан дәм татты, делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.