МУЗЕЙДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТУДЕ
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық тарихи- өлкетану музейінде ашық есік күні өтуде.
"Бар жақсылық балаларға" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында 60 мүмкіндігі шектеулі балаға тәттілер үлестіріліп, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Сонымен қатар ашық есік күнінің шеңберінде қаладағы балабақша тəрбиеленушілері де музей экспонаттарын қызыға тамашалады. Музейдегі ашық есік күні кешке дейін жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары бүгінгі мерекеде балаларымен мұражай жәдігерлерін тегін көре алады.