АТА БАСЫЛЫМДАРДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Облыстың бас басылымдары «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің 85 жылдығы мерейтойы аясында Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында Сыр елі ақындарының арасында «Туған жерім – киелім, қасиетім» ақындар айтысын ұйымдастырды.
Бұл жолы жыр додасына облысымыздың суырыпсалма ақындары Ержеңіс Әбдиев, Мейірбек Сұлтанхан, Нұрмат Мансұров, Мұхтар Ниязов сынды ақындар бақ сынасты. «Абзал и К» серіктестігі демеушілігімен ұйымдастырылған айтысқа жұптасып шыққан суырып салма сөздің шеберлері туған жер, ел, қаланың көркеюін тілге тиек етті. Айтыс десе, ішер асын жерге қоятын өлең құмар қауымды азуын айға білеген адуынды ақындар бір желпінтіп тастады.
Айтыс соңында жеңімпаз ақындар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Шынар БЕКБАН